Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми YouTube каналында біздің еліміздегі терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес туралы баяндалған тағы бір фильмді жариялады, деп хабарлайды nur.kz.
Фильмде соңғы он жыл ішінде Комитет қызметкерлері жүзден астам лаңкестік актілердің алдын алуға және халықаралық террористік ұйымдарды жою жұмыстарын атқарғандығы туралы айтылған.
90-шы жылдары ыстық нүктелерден шыққан экстремистер біздің елге ене бастаған болатын. Түрлі теракт, шабуылдарға және кісі өлтіруге қатысы бар қылмыскерлер біздің елге қашып келіп, жалған құжат жасатып, жасырынуға тырысқан.
Бірақ олардың өршіп кетуіне мүмкіндік берілмеді. Сарапшылардың айтуынша, «бөтен» террористер Қазақстанда ұсталып, шетелдік әріптес мамандарға беріліп отырған.
Бұл күрестердің қалай жүргізілгенін «Қарсылық» атты жаңа фильмнен көре аласыз.