Бүгін “Оңтүстік цирк” мекемесін өрт шарпыды. Құтқарушылар 200-дей қызметкер мен 25 жануарды тілсіз жаудан аман алып шықты. Қызыл жалынмен арпалысуға 70 төтеншелік атсалысты. Өрт сөндірушілердің дәл осындай сценариймен түзілген оқу-жаттығуын біздің түсірілім тобы да қалт жібермеді.
Дабылмен келген көліктерден 70-ке жуық өрт сөндіруші мен төтенше жағдай қызметкерлері түсті. Іле-шала ғимаратқа жүгірген мамандар “Оңтүстік цирк” мекемесінің қызметкерлерін құтқаруға асықты. Шара аясында төтеншеліктер міндетін пысықтаса, шығарамшылық ұжым сақтанудың жолын үйренді.
Норбек Таукеев, мамандандырылған жасақ басшысы: «Бұл жерде жеке құрамға қойылған тапсырма гастрольге келген цирк пен жергілікті цирктің жануарларын құтқару. Одан басқа цирктің аумағында 200-дей қызметкер жұмыс атқарады. Оларды да қауіпсіз орынға көшіру мақсаты орындалды”.
Шымкенттегі “Оңтүстік цирк” ғимараты бір сәтте 1000-нан астам көрерменді қабылдай алады. Оған жан-жануарларды тағы қосыңыз. “Осындай себептерге байланысты ұжым тосын жағдайларға дайын болуы керек” дейді мамандар.