Шымкентте кофехана асханасы өртенді

172

Шымкентте қала көшелерінің бірінде орналасқан кофеханада өрт шықты.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, өрт туралы 101 қызметіне сағат 08:41-де хабарлама келіп түскен.

21 шаршы метр алаңды алып жатқан кофехананың асханасы отқа оранған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

(Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі)