Газ балоны жарылуы салдарынан ер адамды күйік шалды

280

Шымкентте ер адам газ балоны жарылысы салдарынан күйіп қалды. Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында Клара Цеткин көшесіндегі «Әсел Текст» ЖШС-інде көлемі 50 литрлік газ баллоны жарылған.

Нәтижесінде Өзбекстан Республикасы азаматының денесінің 32 пайызын күйік шалған.  1963 жылы туған ер-азамат қазір ауруханада ем алып жатыр. Апат орнына Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, барлығы 11 өрт сөндіру қызметкері мен 3 техника жұмылдырылған.

Қазан-жлтоқсан аралығындағы бұл Шымкент қаласы аумағында тіркелген газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудан туындаған екінші жағдай.

Жанар Есенбекова