«IQANAT» байқауы білім гранттарына бастар жол

3789

Облысымызда «IQANAT» республикалық олимпиадалық байқауының аудандық іріктеу кезеңі басталды. Бүгін Төле би ауданының оқушылары бақ сынады. Республикалық кезеңге дейін жетіп, жеңімпаз атанғандар шетелдің және еліміздің үздік ЖОО-ның білім гранттарын иеленетін болады.

Озаттардың ішінен ең мықтысын таңдайтын білім додасы жеңімпаздары тегін оқуға жолдама алады. Қомақты сыйлығы қызықтырса керек, «IQANAT» республикалық олимпиадасына қатысуға келген оқушылар өте көп болды. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылыған байқаудың қаржылық демеушісі «Шымкент плаза» ойын-сауық орталығы. Оның директоры Марат Қалдыбаев салтанатты ашылуына қатысып, сәттілік тіледі.

Олимпиаданың аудандық іріктеуі кезеңі Төле би ауданында өтті. Ауылдық жердегі мектеп оқушылары тыңғылықты дайындықпен келгендерін жектізді. Өздеріне осындай мүмкіндік беріп, жастардың білім алуына барлық жағдай жасап отырған демеушілерге алғыс білдірді.

Аружан Мамыр, Ақбастау орта мектебінің 9-сынып оқушысы: “ ҰБТ-дан жоғары балл жинауға мүмкіндік беріп отыр. Мен физика және әдебиет пәндері бойынша эссе жазуды таңдадым. Мақсатым — бірінші кезеңнен өтіп, екінші кезеңге жолдама алу. Барша Айқанатты ұйымдастырушыларға өз алғысымды білдіргім келеді»

«IQANAT» олимпиадасы екі жыл бойы Шығыс Қазақстан облысында апробациядан өткен. Биылдан бастап республика көлемінде ұйымдастырылуда. Озаттарды қолдап демеп отырғандардың қатарында жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындар көп. “Шымкент плаза” ойын-сауық орталығы сол тізімді бастайды.

Марат Қалдыбаев, «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығының бас директоры:
«Негізінде «Шымкент плаза» жобасы барлық жастарға қатысты бағдарламаларға қолдау көрсетіп, демеуші ретінде қатысып жүреді. Себебі, жастар — еліміздің ертеңі. Отанымызды келешекте дамытатын негізгі күш. Жастар — біздің қоғамымыздың белсенді бөлшегі. Ал «IQANAT» жобасына келетін болсақ, жастарды, әсіресе ауыл жастарын алға жетелеу, дамыту жолында ұйымдастырылып отырғандығы қаржылай көмек көрсетуіміздің басты себебі болды»

Аталған байқауда оқ бойы озық шыққандары еліміздің және шетелдің жоғарғы оқу орындарының гранттарына ие болады. Осы байқау аясында «АЙЛС» тестілеуіне де дайындықтар жүргізіледі. Мектеп оқушылары үшін құлаққағыс, келесі жылға өтінімдер қабылдау “Айқанат.кз” сайтында жүзеге асырылады.

Меруерт Ахан