Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы «көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» № 862 бұйрығының 25-тармағына сәйкес көлік құралдары иелерінің ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында қолда бар МТНБ тізбесіне қолжетімділігі тиісті ақпаратты ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында стендтерде және ақпараттық тақталарда сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастыру жолымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Шымкент қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік құралы иесінің жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және әріптік белгіленуін, сондай-ақ ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында қолда бар МТНБ-ны «электрондық үкімет» порталы арқылы таңдауға құқығы бар.

Көлік құралы иесінің ерік қалауы бойынша ол Мемлекеттік корпорацияның ғимаратында орналасқан ТЕБ-ке жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» порталында жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны таңдауды және брондауды жүзеге асырады.

Иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның белгілі цифрлық және әріптік белгіленуін таңдаған көлік құралын тіркеу МТНБ дайындағаннан кейін жүргізіледі.