Мигранттарға арналған портал іске қосылды

19

Қазақстанда Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы іске қосылды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, платформа елге келетін шетелдіктер туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар. Мысалы, «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, «Ата жолы» картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және тағы басқа.