Киберқауіпсіздікті зерттейтін жаңа академия ашылады

71
Фото arasha.kz

Академияны «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы аясында ашу жоспарланған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөзө қызметі хабарлады.

Вице-министр Тимур Шәймергеновтың айтуынша, жаңа академияда киберқауіпсіздікке үйретеді. Осыған орай, әлемнің жетекші компанияларымен әріптестік байланыс орнату шаралары атқарылуда.

«Қазіргі кезде біз киберқауіпсіздік академиясын құру бойынша ұйымдастыру-құқықтық мәселелерді зерделеп жатырмыз. Осы жұмысқа мықты компаниялар тартылады. Олардың ішінде Түркия, Израиль және Ресей компаниялары бар. Академия мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жұмыс істейтін болады», — деді ол ҚР Парламент Сенатында өткен жиында.

Оның айтуынша, биыл өнеркәсіптік киберқауіпсіздік бойынша ұлттық орталық құрылған болатын. Аталған құрылым Transtelecom-мен бірлесіп жасалды.
Оның негізгі мақсаты — стратегиялық маңызы бар нысандардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы орталықтың негізінде киберқауіпсіздік академиясы да жұмыс істейтін болады. Сол жерде жекеменшік және квазимемлекеттік салалар үшін кәсіби киберқауіпсіздік мамандарын даярлауға болады.

365info.kz