Қазақстанда жұмыс орнының сапасын анықтау жүйесі қолданылады

24
Кәсіпорын
фото Ашық дереккөз

Жұмыс орнының сапасын анықтау жүйесі Дүниежүзілік банк пен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Қазақстандағы жұмыс орындарының санын, сапасын және қолжетімділігін арттыру жолдарына арналған алғашқы бірлескен зерттеу жүргізді.

Авторлардың бірі – орталықтың вице-президенті Шалқар Байқұлақов. Зерттеу еңбек нарығын дамытудың алдағы бесжылдық жоспарға кірген әдістемені қамтиды. Мәселен, Қазақстандағы жұмыс орындарының сапасын анықтауда 4 өлшемді тәсіл ұсынылады. Макроэкономикалық деректер негізінде қызметкерлер үшін бірнеше көрсеткіш ескеріледі.

Атап айтқанда, орташа және жоғары табыс көлемі мен қызметкердің соңғы алты ай ішінде тұрақты жұмысы болған-болмағаны, әлеуметтік жеңілдіктердің болуы, сондай-ақ қауіпсіз жұмыс ортасы. Соңғысы өндірісте жазатайым оқиғалардың болмауымен немесе төмен деңгейімен сипатталады.