Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында Шымкент қаласында қуаттылығы 220, 500 КВ болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаратын зауыт іске қосылды.
Жалпы ұлттық телекөпір шарасына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңадан іске қосылған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, зауыттың алдағы өндірістік даму жоспарын талқылады.
Шымкент қаласында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2018 жылы құны 9 710,7 млн. теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылып, жаңа 635 жұмыс орны ашылды.
shymkent.gov.kz