Облыстық мәслихатта 2019 жылдың жоспарлары қаралмақ

393
Фото BNews.kz

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы 2018 жылғы  12 желтоқсанда сағат 11:00-де «Versal» бизнес орталығы ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Кентау тас жолы, 2, (2-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 12 желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы №46/381-V «Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрмындағы өзгерісті келісу туралы;
Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы №47/389-V «Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу мөлшерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы №21/250-VI «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2018 жылғы қызметі жайлы есептері туралы;

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
Түркістан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2019 жылға арналған шығыстар сметасы туралы;

Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.