Келес АПБ-ға 10 желтоқсан күні бір кенттің шеткі аймағында денесінде зорлық-зомбылықтың белгісі бар кісі мәйіті табылғаны жөнінде хабар түседі.

Оқиға орнына келген полицейлер жәбірленушінің тұлғасын анықтады. Оның дене жарақатынан қайтыс болған Келес ауданының тұрғыны екені анықталды. Аталған жайт СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 99-Адам өлтіру бабы бойынша тіркеуге алынды.

Қылмысты ашу мақсатында криминалдық полициядан және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған жедел-іздестіру тобы құрылды. Полицейлер күдіктілерді анықтап ұстау үшін тиісті іздестіру шараларын жүргізді. Ауыр қылмысты ашудың қиындығы анық белгісі жоқтығында және түнгі уақытта жасалғандығында еді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер бір апта ішінде күдікті жергілікті тұрғындарды қолға түсірді. Оның біреуі бұрын сотты болғаны анықталды. Тергеушілер оқиғадан бір күн бұрын түнде шыққан жанжал кесірінен жәбірленуші күдіктінің пышақ сұғып, дене жарақатын салған салдарынан қайтыс болғанын анықтады. Сосын қылмысты жасыру мақсатында, қылмыскер өзінің танысымен бірге мәйітті ауылдың сыртына айдалаға тастап кеткен.

Қазіргі таңда кісі өлімі жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер ауыр қылмыстың барлық себеп-салдарын анықтауда.

ТО ПД Баспасөз қызметі