Зардап шеккендерге жедел түрде материалдық көмек көрсету институты құрылды

226
фото Kerek-info.kz

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңы қабылданып, қылмыстардан зардап шеккендерге жедел түрде материалдық көмек көрсету институты құрылған болатын.

Аталған қорды толтыру көздерінің біреуі – қылмыстардың санатына қарай соттардың үкімдерімен өндірілетін мәжбүрлі төлемдер болып табылады. Былтырғы жылдың 2-ші жартыжылдығында 8,5 мың сотталғандардан 300 млн-ға жуық теңге өндірілді.

Мәжбүрлі төлемдерден басқа процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталғандардан өндіріп алу арқылы Қор қалыптастырылады.
Заң бойынша Қорда жиналған қаражат қылмыс құрбандарына 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап төленеді.

Сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен азаптаулардың жәбірленушілері және денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар өтемақыны алуға құқылы.

Олар 30-дан 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі біржолғы төлемнен тұрады.
Бұл қаржы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органымен күнтізбелік он күннен кешіктірмей жәбірленушілердің банктік шотына аударылады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Баспасөз қызметі