Фото shekaraknb.kz

Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінде өткен түнде Қырғызстаннан жаяу келе жатқан 46 жастағы қазақстандық, төлқұжатын тексеріп болғаннан кейін біздің елдің аумағына кіре бере, алда күтіп тұрған шекарашыларың көздерін ала беріп, оң жақ жан қалтасынан екі түйіншекті еппен суырып, «Рапискан» аппаратының астына қарай лақтырып жіберді.

Бұл әрекетті көзі шалып қалған шекарашылардың бірі есірткі ұстауға арнайы үйретілген «Сайған» атты қызметтік итпен түйіншек иесін адым аттатпай ұстады. Шекарашыларды көргенде бұл азаматтың дегбірін қашырған, түйіншектердің ішіндегі салмағы 10 граммға жуық гашиш есірткі заты болып шықты.

Құқық қорғау органдары хабарланды. Әрі қарай бұл іспен солар айналысатын болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі