Úı ANONS Сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды

фото ТОПД
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 49 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Жедел уәкілдер күдікті ер адамның үйіне тінту жүргізді. Нәтижесінде оның сарайында пакетке және стаканға салынған сондай-ақ газетке оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып, тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі 20 грамға жуық кептірілген марихуана мен сора өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.