Қалалық мәслихаттың бүгін өткен соңғы сессиясында Шымкент қаласының әкімі келер жылы атқарылатын жұмыстардың ауқымын депутаттармен бөлісті.
«2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің астанасы ретінде аталған елдердің өкілдерін қабылдайды. Сондықтан да 2019 жыл біз үшін күрделі жыл болмақ. Сол жауапты шараны жоғары деңгейде өткізу мақсатында дайындыққа жаңа жылдан бастап білек сыбана кірісеміз. Әрине жұмысты бірге істейміз».
Шаһар басшысы мүмкіндікті пайдалана отырып, Елбасының қолынан «Алтын сапа» жүлдесін алған «Зерде», «Азала-текстиль», «Балтекстиль» компаниялары басшыларын құттықтады. «Бұл ортақ қуанышымыз және жетістігіміз» деп кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Шынар Оразова