Шымкентте ірі сауда орнында 20 жастағы жігіт жасөспірімнен құны 130 мың теңге тұратын ұялы телефонын пышақ көрсетіп қорқытып алып қойған. «Айфон 5С» телефонды үптеп алып оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.
Күдіктіні екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдану туралы Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясы берілді», — деп хабарлайды судья С.Айнабеков.
Онымен қоймай, күдікті өзінің сыбайласымен бірге тағы да тура осындай қылмысқа барған.
Солай тағы да бір жəбірленушіге 35 мың теңгеге материалдық залал келтірген.
Күдікті өзінің сыбайласымен бұл қылмысын қазан айының 23-не жасаған.
Тəртіп сақшылары қарашаның 30-на күдіктілерді қолға түсірген. Оңай жерден пайда
тауып жүрген күдікті 1999 жылы туған Қызылорда қаласының тумасы болып шықты.
Оған 191 бабтың 2-ші бөлігі, 1,3 тармақтарымен айып тағылуда.