Шымкенттік дәрігерлер Елбасы мақаласына қатысты ойларымен бөлісті

603

Шымкенттік дəрігерлер Елбасы Н.Назарбевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Бас қосуда медицина саласының мамандары Президент мақаласына тоқталып, әр бөлімде жазылған тақырыптар туралы сөз еттi.

Ерқозы Батырбеков, «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлер жүйесінің кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының төрағасының міндетін атқарушы: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлт рухының айырықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға. Кез — келген халық пен ұлттың өзінің шыққан тегіне зер салып, өткеніне үңілуі, қоршаған ортасына ықпалы мен қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуы заңды құбылыс. Сол арқылы оның әлемдік өркениеттегі орнын аиқындауға болады. Елбасы мақаласы біздің бай ұлттық тарихымызды зерттеуге, насихаттауға бағытталған. Бұл мақала арқылы Елбасы өзінің патриоттығымен бүкіл әлемге Қазақстанның қандай ел екенін көрсету арқылы халқымыздың рухын көтере білді. Алтын тақта отырып, күміс табақтан ас ішіп, алты баулы үзеңгіге аяғын шірене салып, ат үстінде айналасының апшысын қурып, тарихын тасқа қашап жазған бабалардың даңқын Ұлы Дала ұмытқан жоқ. Байтақты белінен басып, ен даланы еркін кезген жабайы жылқыны қолға үйретіп, бас білдіріп, сенімді серігіне айналған ірілердің ісін әлемдік өркениеттегі төңкеріс екенін төрт тарап түгел біліп, мойындап отыр. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту еліміздің табысты болуынын кепілі дегеніміз осы».


Жиында денсаулық сақтау саласында еңбегі сіңген дəрігерлердің есімін медициналық мекемелерге беру мəселесі көтерілді. Сондай-ақ, саладағы байырғы заманнан келе жатқан емдік терапиялар туралы да сөз болды.

Мақалада атқа міну мəдениеті туралы жазылған. Атқа міну арқылы да жүзеге асырылатын медицина саласында түрлі емдік терапиялар бар. Солардың бірі-иппотерапия əдісі. Бұл əдіс сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу үшін қолданылады. Емдеу тəсілі-баланың бұлшық етінің дамуына зор септігін тигізеді. Жалпы атқа отырудың өзі адамның қан айналым жүйесін жақсартып, еркектердегі аталық бездегі түрлі аурулардың алдын алады. Жиында осы емдеу əдістерін мақаламен байланыстырды дəрігерлер.

Лаура Нақыпқызы