Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы брифинг өткізді.
Брифинг барысында Ғалым Сұлтанұлы «Елбасының әрбір Жолдауында жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде, биылғы Жолдауында да сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатыны» — назарға алынды.
Бұл ретте, әрбір мемлекеттік қызметші «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өзгерістерді өзінен бастауы тиіс, қызметші қандай да бір мереке болмасын қызмет атқару барысында сыйлық алмауы тиіс, ал, мемлекеттік қызметшіге білмей келіп түскен не жария түрде берілген сыйлықтар алған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде ерікті түрде оны мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсыруы қажет – деп атап өтті.
Заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтай отырып, лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты сыйлық алуға тыйым салынады. Егер, қызметші заң талаптарын бұзып 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (4810 теңге) мөлшерде сыйлық алса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 600 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (1 443 000 теңге) айыппұл төлейді.
Ал, сыйлықтың бағасы екі айлық көрсеткіштен жоғары болса, ол үшін Қылмыстық кодексте 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты.
Сондай-ақ, брифинг соңында Ғ.Сұлтанұлы 2017 жылы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізілген сыйлықтар саны – 93, ал 2018 жылдың өткізілген сыйлықтар саны – 12 екенін баяндады.