«Шара қолданамыз!»: Бітіруші түлектен сыйлық алуға тыйым салынды

0

«Мектеп ұжымына бітіруші түлектен бағалы сыйлық алуға рұқсат жоқ».

Үшінші мегаполистің бас ұстазы ол үшін арнайы бұйрық та шығарғанын жеткізді. Айтуынша жыл сайын ата-аналар балаларының сынып жетекшісіне сый таралғы беру үшін қосымша қаражат жинайды. Ал оны педагогтің қабылдағаны белгілі болса, шара көреміз, дейді басқарма басшысы.

«Барлық білім ордаларына менің қолыммен бұйрық жеткізілді. Хатта ешқандай сыйлық қабылдау болмасын деп көрсетілген. Біз ата-анаға сыйлыққа ақша жинама деп тыйым сала алмаймыз. Ал мектептер мен педагогтерге ешқандай сыйлық алмайсыздар деп тыйым сала аламыз. Біз сол тыйымды салдық. Егер ата-ананың сыйлығын мұғалім, мектеп әкімшілігі алатын болса, барынша қатаң шара көретін боламын», – дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева.