Түркістан облысының 3 жылдық бюджеті бекітілді

343
Түркістанда облыс мәслихатының кезекті 33 сессиясы өтті

Сессияның күн тәртібіне енгізілген 22 мәселенің алғашқысы Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы турасында есебі.

Өңір басшысы баяндама жасауы керек болатын. Алайда Жансейіт Түймебаев Астанада іс- сапармен жүргендіктен, есептік баяндаманы орынбасары оқыды. Есеп алдын тұрақты комиссияларда жіті талқыланып, оң бағасын алғандықтан, сессияда бірауыздан қабылдады. Байқағанымыз, 2018 жыл өңір үшін жаңашылдықтарға толы болған. Әсіресе, құрылыс саласы қарқынды дамып, инвесторлар көптеп тартылған.

Саттар Қуашбай, әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы: «Біздің мәдениет, әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясы үшін биылғы жыл өте жемісті болды. Елбасының өзі әлеуметтік салаға аса көңіл бөлінсін деген соң жергілікті жерлерде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаға мән берілді.  Апатты, үш ауысымда оқитын мектептердің саны азаюда. Мен өзім Тлеби ауданынан сайланғанмын. Сондықтан  ол өлкедегі мәселеге қанықпын. Қуантарлық жәйт, Леңгірдегі  үш ауысымда оқып жатқан №1 және №5 мектептердің мәселесі шешілетін болды».

Келер жылғы бюджетті нақтылау барысында ұсыныстар да айтылды. Сөз алғандар жаңа аудандарды қаржыландыруды бірінші орынға шығару керетігін айтты. Сессия барысында облыс әкімдігінің, халықты жұмыспен қамту жөніндегі өңірлік комиссиясының және облыс әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамдары бектілді. Сондай-ақ, онамастикалық комиссияның дербес құрамы бекітіліп, Мақтаарал ауданынан бір азамат комиссияға мүше болды.

Марапаттау сәті

Сессияның соңында депутаттар Құрмет грамотасымен,  медальмен  марапатталған жерлестеріне құрмет көрсетті.

Шынар Оразова