Бүгін Шымқаланың қақ ортасында яғни, Тыныбаев көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қиылысқан тұсында жас жігітті ұстау операциясы жүргізілді.
Санаулы секундтарда құрықталған күдіктінің қолына кісен салынды. Сенімді дереккөз бойынша күдіктіні ұстауға Жамбыл облысының жедел уәкілдері арнайы келген. Ұсталған күдікті іздеуде жүрген.
Тараздық тәртіп сақшыларына Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері көмек көрсетті. Ұсталған күдікті жедел түрде Әл Фараби аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.