Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымында өткізген бірінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Исмағұловтың қарсыласы австралиялық Алекс Горджес болды. Олардың жекпе-жегі Австралияның Аделаида қаласында UFC Fight Night 142 турнирі аясында өтті. Олардың кездесуі үш раундтан тұрды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі (30-25, 30-26 және 30-26) бойынша Исмағұлов жеңімпаз атанды.
Исмағұлов октагонға қазақша әнмен және Ресей және Қазақстанның туларымен шықты.
27 жастағы Исмағұлов ММА ережесі бойынша өткізген 17-ші жеңісі. 23 жастағы Горджес болса бірінші рет жеңілді, бұрындары ол жеті кездесу өткізіп барлығында да жеңіске жеткен.
Исмағұлов Орынборда дүниеге келген, тарихи отанында өткен жарыстарда ол Қазақстан туымен жығып жүрді. UFC ұйымына өткенген дейін ол M-1 Global ресейлік промоушеннің чемпионы болды.