Шымкент қаласында 10 мекеме 1294 жұмыскерге 192 млн. 892 мың теңге жалақы қарызданып қалған. Кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен үш жақты комиссияның бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде төрт бірдей мекеме 10 адам алдындағы 2,9 млн теңгені құрайтын қарызын өтеген. Сонымен бірге, 378 адамға 45 млн. теңге берешегі бар екі мекеме банкрот деп танылған.
Еліміздің үшінші мегаполисінде тағы да екі мекеменің жұмысшылар алдындағы берешегі бар екендігі анықталған. Сонымен жұмыс беруші алты мекеменің 910 жұмыскердің алдында 143,4 млн. теңге жалақы қарызы әлі де қалып отыр. Дегенмен, қосымша 2 мекемеде жұмыскерлер алдында жалақы қарыздары анықталып, жалпы 6 мекемеде 910 жұмыскердің алдында 143,4 млн. теңге жалақы қарызы қалып отыр.
Кәсіподақ орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы бойынша 4 кәсіпорын 82 жұмысшыға 126 млн. 667 мың 758 теңге жалақысын дер кезінде бере алмай, қарызданып қалған.
Кәсіподақ ұйымдарының мұрындық болуымен үш жақты комиссияның бірлесіп жүргізген жұмысы нәтижесінде бір мекеме ғана жұмысшы алдындағы берешегін өтей алған. Яғни 381 жұмыскерге 28,6 млн. теңге жалақысы төленген. Сөйтіп Түркістан облысы бойынша әлі үш мекеме 76 жұмыскердің алдында 45 млн. 885 мың 191 теңге жалақы қарызынан құтыла алмай отыр.
Жанар Есенбекова