Аудан әкімі Бақыт Асановтың тікелей бастамасымен Мырзашөл өңірінің кіреберісі абаттандырылды. Атап айтқанда, «Мақтаарал ауданы» және «Мырзашөл» жазулары жарықтандырылып, ауданның логистикалық орталығы мерекеге орай безендірілді.
«Біз мұндай абаттандыру жұмыстарын ауданның кіреберісінен бөлек, Атакент пен Мырзакент кенттерінде де жасап жатырмыз. Қазіргі таңда аудан орталығындағы орталық алаңда ауданның бас шыршасы құрылып, алаң безендірілген. Көріктендіру жұмыстары қос кенттің орталық көшелерінде де жалғасуда» — деді Бақыт Насырханұлы.
Айта кетейік, абаттандыру жұмыстарының барлығы да жеке кәсіпкерлердің демеушілігмен жасалып жатыр.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі