Жасанды шырша сатқаны үшін айыппұл арқалайды

427

Шымкенттік полицейлермен қала аумағында жаңа жылдық мереке қарсаңында бірқатар жедел алдын алу іс-шаралары өткізілуде

Полиция қызметкерлері қала аумағында жаңа жылдық мереке қарсаңында ағымдағы жылдың 11-31 желтоқсан аралығында табиғат қорғау органдарына көмек көрсетуге және ағымдағы жылдың 18 желтоқсанынан 2019 жылдың 3 қаңтарына дейінгі аралықта «Пиротехника — 2018» жедел алдын-алу іс-шаралары жүргізілуде.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты жаңа жыл қарсаңында балауса қылқан ағаш түрлерін заңсыз кесуді, дайындауды, тасымалдауды және сатуды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасында пиротехникалық құралдарды, шыршаларды сатып алу, сақтау және пайдалану жөнінде кең көлемді түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен жасанды шыршаларды белгіленбеген жерлерде құжатсыз сатқаны үшін ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі