Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

454

Кеше түнде жол көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Оқыс оқиға Жібек жолы көшесінің бойындағы «Көктем» базары маңында орын алған.

Жүргінші тиым салынған жерден жолды кесіп өтпек болған. Опель-Вектра көлігінің тізгінінде 23 жасар жүргізуші болған. Жүргізуші қапелімде жолға жүгіріп шыққан жүргіншінің көріп, сасып қалғанын айтуда. Жол көлік оқиғасы орнында жедел жәрдем жетіп, жүргіншінің көз жұмғанын растады. Марқұмның жасы 40-та екендігі анықталды.