Қол күрестен жарыс өтуде

104
inform.kz

Қол күрестен Түркістан облысының білектілері Шымкент қаласында бас қосты. Тұңғыш рет жалауын көтерген жарысқа 100-ден астам спортшы келген. Олардың бірқатары Шардара, Отырар, Қазығұрт және Сайрам ауданының намысын қорғауда.

Бәсекеде бақ сынап жатқандардың басым бөлігі Әлем және Азия чемпиондары. Ел намысын дүниежүзінде әйгілеп жүрген жерлестеріміз биыл жауапты жарыстардың көптігін айтады.

Ал, Шымкентте жалауын көтерген Түркістан облысының біріншілігі барлығының бастамасы екен.

Еске сала кетейік, жүйрік шыққан жеңімпаздарды алда Қазақстан чемпионаты күтеді. Ел біріншілігі биыл Шымкент қаласында жалауын көтермек. Бәсеке 17 ақпанда жалауын көтереді деп жоспарланып отыр.