4 бала үйде қамалып қалған

312

Православиелік мереке кезінде құтқару қызметіне көмек көрсету туралы 4 хабарлама келіп түскен. Жедел-құтқару қызметінің құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарына шығып, бір күн ішінде жасы 1-ден 6 жасқа дейінгі 4 баланы құтқарды. Барлық жағдайда балалар жалғыз болып, қараусыз қалып, үйдің ішінен құлтанып қалған.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды, қараусыз қалдырмауға үндеу тастап отыр. Көп жағдайда сіріңкемен ойнаймын деп өртке ұласқан жағдайлар да орын алып жатқаны жасырын емес. Сондықтан да аса абай болуды ескертеді.

Мамандар егерде өрт балалардың отпен ойнауынан шығатын болса және біреулерге шығын алып келсе, ата-аналар сол үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапты болатынын да қоса ескертуді ұмытпады.