Марқұмның жасы 40-та. Артында төрт бірдей баласы жетім қалды. Төрт жыл бұрын әкелерінен айырылған екен. Марқұмның жерлеу рәсімін «ЛТД тұрмыс»серіктестігінің басшысы мойнына алды. Жақындары марқұмды ертең жерлемек.
Көше сыпырып жүріп қаза болған азаматша осы үйде бала-шағасымен пәтер жалдап тұрған. Марқұмның туысқандарының айтуынша, мерт болған келіншектің күйеуі осыдан төрт жыл бұрын көз жұмыпты. Жығылғанға жұдырық демекші, отағасынан айырылған отбасыда енді төрт бала жетім қалды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қазір туыстарының қолында. Қара жамылған отбасы мүшелері камера алдында қайғылы жағдайды ашып айтпады.
Отбасының қайғысына бірінші болып, «ЛТД — тұрмыс» ЖШС-нің басшысы бастаған ұжым ортақтасты. Марқұм келіншек бұл серістестік қарамағында екі жылдан бері аула сыпырушы болып жұмыс істеп келген. Жұмыс орнындағы әріптестері отбасыға көңіл айта отырып, материалдық көмек көрсетті.
ІІД өкілдерінің мәлімдеуінше, аула сыпырушыны қағып кеткен жүргізушінің автобусы айып тұрағына жеткізілді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады дейді құзырлы орган өкілдері.
Лаура Нақыпқызы