Көше тазалығына жауапты жұмысшыларға құрмет көрсетті

371

Қаратау ауданы әкімі аппараты және «Ізгілікте жарысайық!» Қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Қаратау ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуші мекеме қызметкерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өткізілді.

Акция барысында қызметкерлерге түскі ас әзірленді. Сондай-ақ, қайырымдылық қорының әлеуметтік дүкенінен қажетті киім-кешектер табысталды.

Аталған қайырымдылық іс-шара мақсаты – қала тазалығымен айналысатын қызметкерлердің атқарып жүрген қызметіне алғыс білдіру және сый-құрмет көрсету!