Дінмұхамед Қонаевтың немересі атасының сирек суреті мен видеосын жариялады

231
фото stan.kz

Кеңес үкіметінің мемлекеттік және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың немересі, екі рет Қазақ КСР-і Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған атасының туған күніне орай оның бірегей суреті мен видеосын жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Қонаевтың құрметіне ашылған парақшаға сілтеме көрсете отырып.

«Бүгін Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевқа, менің үшінші атам Димаш атамызға 107 жыл толды. Ол бұл өмірден өткенде мен 7 жаста болғанмын. Бірақ өмір бойы оның позитивті, жылы аурасы мен адамдарға деген мейірімді, қамқор қарым-қатынасын есіме сақтап қалдым. Біз күн сайын әкеммен, Елдар ағаймен, Мұхтар ағаммен және өзімнің Асқар атаммен бірге Димаш атаның үйіне дәл сағат 13: 00-де басталатын түскі асқа қонаққа баратынбыз»,- дейді Қонаевтың немересі.

Сондай-ақ, ол сол кездері өзіне сыйға берілген фотоаппартпен үйдің ішінде жүгіріп жүріп, көп сурет жасағанын да айта кетті. Ол кейбір суреттер қисық немесе саусақтың ұшы түсіп қалғанымен, арасында жақсы шыққаны да бар деп, Қонаевтың бірегей суретін жариялады.

«Сол суреттердің бірі – Димаш атаның 1993 жылғы 7 тамызда, оның қайтыс болуына 2 апта бұрын, кеңсесінде түсірілген суреті»,- дейді атасын еске алған немересі.
Сонымен бірге, ол 1992 жылы қаңтарда ғалымдар Қонаевты 80 жасқа толған туған күнімен құттықтау үшін ҚР Ғылым Академиясының ғимаратына шақырған кездегі оның сөйлеген сөзі түсірілген видеоны ұсынды.