Еліміздегі құмар ойындар қаншалықты заңды?

576
фото baq.kz

Бүгін Астанадағы «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Қазақстандағы құмар ойындар мәселесі мен оны шешу жолдары тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды baq.kz.

«Қазіргі күні ойын бизнесі мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу дайындалуда. Осы тұрғыда Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясы арқылы заң жобасын күшейтуге ниеттіміз. Біз бүгін жоғарыда айтылған мәселені талқылауға әртүрлі сала мамандарын шақырдық. Шара нәтижесінде мүдделі тараптардың пікірлері мен ұсыныстары жеке-жеке қаралатын болады», — деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко.

Мамандардың мәліметіне қарағанда, ойын тәуелділігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерт классификаторына енгізілгініне қарамастан құмар ойынмен әуестену мен оның қоғам үшін қауіптілігі реттеу заңнамалық тұрғыдан жетілдіру керек.

«Соңғы 4 жыл ішінде ойын клубтары мен мекемелеріне қатысты 234 қылмыс жасалған, оның ішінде 81 ойын мекемесіне шабуыл жасау, 53 тонау оқиғасы. Үстіміздегі жылы 6 құмар ойындарына қатысты қылмыс жасау оқиғасы тіркелді. Тағы бір айтып өтетін проблема құмар ойын мекемелерінің ел аумағында заңды түрде тіркелмеуі, осы себептен бізге бақылау жүргізу қиындыққа түседі. Бізде құмар ойынның жетегіне кеткендерге қатысты іс көптеп қозғалады. Мысал келтірсек, Алматы қаласында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз 2 млн теңгеден астам қаржыны букмекерлік кеңседе ұтысқа салып нәтижесінде жеңілген. Сол секілді өткен жылы Шымкентте құмар ойында қомақты ұтыстан айрылып, ызаға бөленген азамат өзінің анасын өлтірген. Осы секілді деректер жеткілікті», -деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма төрағасының орынбасары Мақсат Байболов.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта аталған мәселені талқылау өз жалғасын табтынын айта келе, оның нәтижесінде жұмыс тобы құрылып нақты шешімдер қабылданатынын мәлім етті.