Бүгін Еңбекші ауданы әкімінің есепті жиынына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық мәслихат депутаты Еркін Сатқанбаев көтерген   «Фосфоршылар» мәдениет сарайының тағдырына қатысты  нақты жауап берді. «Жекенің меншігінде болған «Фосфоршылар» мәдениет  сарайын қала меншігіне  өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қараусыз,  ескірген  ғимаратты жөндеп, оқушылар сарайын жасаймыз. Онда  балаларға арналған  бассейн, мәжіліс залы, түрлі үйірмелер мен секциялар болады», деді қала әкімі.