«Иісті газдан сақ болыңыз». Төтеншеліктер күн суытқалы түсіндіру жұмыстарын тоқтатқан емес.
Әсіресе, орталықтандырылған жылу жүйесінен бөлек тұрғындар қосымша электр газ құрылғыларын пайдаланатыны жасырын емес. Сондықтан, Еңбекші ауданы әкімдігінің халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары аудандағы төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдерімен халық арасында профилактикалық шараларды қайта жандандырды. Әсіресе, газ баллонын пайдаланатын көпқабатты үй тексерілді. Бұрын бұл үй жатақхана болған.
Сақтық шараларын мұқият орындауға шақырған қағазда төтенше жағдайда хабарласатын арнайы қызметтердің байланыс телефондары көрсетілген.
Жедел қызметтерді шақыру телефондары:
Өрт сөндіру қызметі 101
Полиция 102
Жедел медициналық жәрдем 103
Газ шаруашылығы қызметі 104
Бірыңғай құтқару қызметі 112
Шынар Оразова