Ипотеканы онлайн алуға болады

279

 Биылдан бастап ипотекаға онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік бар. «Баспана» ипотекалық ұйымы» басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатовтың айтуынша, жаңа жоба «7–20–25» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.

Жоба арқылы қарыз алушы банкке бармай-ақ, онлайн құжат толтырып, ипотека алуға бола­ты­ны туралы ақпарат біле алады. Дархан Байқуатов «Ипо­те­калық қарыз алуға өті­ніш беру кезінде талап етілетін барлық құ­жаттар, анық­та­малар мен есеп­тер бойын­­­ша электронды мұрағат қа­лып­­тасады. Бұл қағаз құжатта­ма­сын жинау мен сақтау қажет­ін жояды», – деп жаңа тәжі­­рибе­нің тиімділігін атап өтті. Жоба сәтті жүзеге асса, бұдан былай несиені мақұлдау мен беру процесі жеңілдейді. Уақыт үнем­деледі. Халық банктердің бөлім­ше­леріне барып, уақыт жоғалт­пай­ды.

aikyn.kz