Биылдан бастап ипотекаға онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік бар. «Баспана» ипотекалық ұйымы» басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатовтың айтуынша, жаңа жоба «7–20–25» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.
Жоба арқылы қарыз алушы банкке бармай-ақ, онлайн құжат толтырып, ипотека алуға болатыны туралы ақпарат біле алады. Дархан Байқуатов «Ипотекалық қарыз алуға өтініш беру кезінде талап етілетін барлық құжаттар, анықтамалар мен есептер бойынша электронды мұрағат қалыптасады. Бұл қағаз құжаттамасын жинау мен сақтау қажетін жояды», – деп жаңа тәжірибенің тиімділігін атап өтті. Жоба сәтті жүзеге асса, бұдан былай несиені мақұлдау мен беру процесі жеңілдейді. Уақыт үнемделеді. Халық банктердің бөлімшелеріне барып, уақыт жоғалтпайды.