Шымкентте газдан уланудың алдын алу жобалары жалғасып жатыр

Шымкентте қыс маусымындағы улы және табиғи газбен улану оқиғасының алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Әл-Фараби аудандық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бұл жолы Қарасу шағынауданының тұрғындарын жинап, түсіндірме жұмыстарын тағы да пысықтады. Жобаға «ҚазТрансГаз» АҚ-ның өкілдері мен жергілікті әкімдіктің мамандары да жұмылып, оқыс оқиға орын алған жағдайда қандай қадамға бару қажеттігін де құнттады. Сондай-ақ, түсіндірме әрі анықтама парақшаларын үлестіріп, тұрғындарды сақтыққа шақырды.Айта өтейік, Шымкент қаласы бойынша 2017-2018 жылдар аралығында улы және табиғи газбен улануда 6 оқиға тіркеліпті. Нәтижесінде, 4 адам жарақат алып, 7 адам қайтыс болған. Ал соңғы 2018-2019 жылдың өзінде де жылыту маусым басталысымен, 7 жәйт орын алып, 9 адам зардап шеккен. Яғни, 1-уі — жарақаттанса, 8-і — өз өмірімен қош айтысқан.

Мөлдір Бекеева