Шымкентте «отбасылық сот» пилоттық жобасының нәтижесі қандай?

609

«Отбасылық сот». Ел аумағында осындай тақырыптағы пилоттық жоба жалғасып жатыр. Ауқымды бағдарламаның аясында бір емес, қаламыздағы жүздеген отбасы татулықты ту етіп, арыз-шағымы бітімгершілікпен аяқталған. Маңызды мағлұматты Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов сала мамандарымен өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Отбасы мен ондағы бала тәрбиесі, жанұядағы ерлі-зайыптылардың ажырасуы, алимент өндіру, сондай-ақ перзентті асырап алу мәселелері қаралған басқосуға өңірдегі жауапты мамандар жиналған. Яғни, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мектеп басшылары, психологтар, тәжірибелі медиаторлар жиналып, айтулы жобаны қорытындылады.

Айдос Сұлтанов

Айдос Сұлтанов, Еңбекші аудандық сотының төрағасы: «Бізге ерлі-зайыптылар ажырасу бойынша арыз-шағым түсірген мезетте, біз оны қарап, психологтарға жолдаймыз. Психологтармен жүгенді жұмыс жүргізген соң, медиаторлардың алдына барады. Бітімгершілікке шақырады. Егер, іс мұнымен тоқтамаса, судья ажырасудың алдын алуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Міне, осындай мазмұндағы пилоттық бағдарламаның нәтижесінде, былтырдан бері түскен істердің 38 пайызын татулықпен тәмамдап отырмыз. Алдағы уақытта бұл бітімгершілікке бастайтын жоба жалғасын тауып, қоғамдағы өзекті мәселелермен бірге күресетін боламыз. Сонда, дүниеге келген балалар да бақытты болады деп ойлаймын».

Айта өтейік, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы Республика көлемінде қолға алынған. Дәлірегі, Елімізде 2018 жылдың қазан айынан бастап, жүгенді жүзеге асырылып келеді.

Мөлдір Бекеева