Шымкентте заңгерлік кеңесшілердің палатасы ашылды

1014

Шымкентте заңгерлік кеңесшілер палатасы қызметін бастады. Дәлірегі, мекеме мегаполистегі бірегей заңгерлік компаниясы — «Adilet GROUP» -тың жанынан ашылып отыр. Енді аталған палатаға тәжірибелі медиторлар мен заң кеңесшілері, адвокаттар және осы саланың білімді де білікті мамандары жұмылмақ. Егер, Сіз де дәл осылай халықтың мүддесі үшін қызмет еткіңіз келсе, аталған палатаға мүшелікке өтіп, заң саласында еселі еңбек етуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл үшін қаламыздағы Тәжібаев көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы «Adilet GROUP»-тың кеңсесіне бұрылсаңыз болғаны. Және арнайы мемлекеттік тиісті талап-ережені ескеру де міндеттелген.Ильясбек Джунусов, «Adilet Group» заңгерлік кеңесшілер палатасының төрағасы: «Палатада біршама жеңілдіктер бар. Заңға сәйкес, бұл палатаға мүшелікке өту үшін жылына 15 АЕК пен 75 АЕК көлемінде төлем жасау көзделген. Сондықтан біздің палата мүшелеріне ең төменгі АЕК белгілеп отырмыз. Яғни, мұны теңгеге шаққанда 30 мың теңгеге жуық төлем болады. Сондай-ақ, аталған палатаның жасағына енген заңгерлерге кез келген уақытта көмек қолын созып, мол мүмкіндіктер береді».

Мөлдір Бекеева