Экономикалық соттың судья-медиаторларына «Adilet Group» заңгерлері көмектеседі

473

Шымкент заңгерлері сотқа дейінгі дау-жанжалдарды реттеуге көмектеседі. Бүгін осы тақырыпта Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен «Adilet Group» заң компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Оның аясында тараптар сот жүйесінің жұмысын жеңілдету мен істі сотқа жеткізбей шешу үшін үлкен жұмыс жүргізеді. Ол үшін қазір экономикалық сотта судья-медиатор жұмыс істейді. Оларға көбіне серіктестер арасында туған мәселелерді шешу үшін өтініш жасайды.

Жыл басынан бері 73 іс медиативтік тәртіппен шешілген. Енді экономикалық соттың судья-медиаторына «Adilet Group» заңгерлері де көмектеседі. Сонымен қатар, меморандум қатысушылары бір-бірімен сот тәжірибесіндегі жаңалықтар мен ақпараттармен бөлісуді, сондай-ақ бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

Айя Мүтәлі