Шымкентте заңгерлік кеңесшілер палатасы қызметін бастады. Дәлірегі, мекеме мегаполистегі бірегей заңгерлік компаниясы – «Adilet GROUP» -тың жанынан ашылып отыр. Енді аталған палатаға тәжірибелі медиторлар мен заң кеңесшілері, адвокаттар және осы саланың білімді де білікті мамандары жұмылмақ. Егер, Сіз де дәл осылай халықтың мүддесі үшін қызмет еткіңіз келсе, аталған палатаға мүшелікке өтіп, заң саласында еселі еңбек етуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл үшін қаламыздағы Тәжібаев көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы «Adilet GROUP»-тың кеңсесіне бұрылсаңыз болғаны. Және арнайы мемлекеттік тиісті талап-ережені ескеру де міндеттелген.
Мөлдір Бекеева