Жанармай бағасы Шымкентте де арзандады. Қазір жанар-жағармай бекеттерінде АИ 92 маркалы жанармай 150 теңгеден сатылып жатыр. Стратегиялық тауар бағасының төмендеуін мамандар қалай түсіндіреді? Көлік жүргізушілерінің қуанышы ұзағынан бола ма?

Жанар-жағармай нарығындағы бүгінгі жағдай көлік тізгініндегі жерлестермізді қуантып тастады. Себебі, бензин бағасы бірден 10 теңгеге арзандап отыр.

Көлік жүргізушісі: «Жаңа ғана бензин бағасы 151 теңге болатын. Қазір 150 теңгеге түсіпті. Бұдан кейін де төмендейді деп үміттенеміз. Себебі, қазір Алматыда, басқа қалаларда да арзандап жатыр».

Үкімет тариф саясатына араласпайды. Сала маамандарының айтуларынша баға нарық сұранысы бойынша реттеледі. Бұған дейін жанармай былтыр сәуірде 4 теңгеге арзандап, шамамен 160 теңге төңірегінде тұрақтағаны есте. Жанар-жағармай қауымдастығы өкілдері нарықтағы жағдайды жанармай профицитімен, яғни, мөлшерден артық болуымен түсіндіреді.

Қайыпбек Қамбаров, Түркістан облысы жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы: «Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеуден өтіп, қазір содан болса керек, жанармаймен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Сұраныс пен ұсыныс заңына орай қазір баға тжанармайды экспорттау мәселесі бойынша жоба қаралып жатыр».

Айта кетейік, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша жанармайға қажеттілік айына 30 мың тоннаны құрайды екен. «Бұл сұраныс төмендеген қысқы мезгілдегі мөлшер» дейді саладағылар.

Еліміздің Энергетика министрі жанармай нарығындағы жағдайды қалыпты құбылыс дейді. Оның пайымдауынша, қазір жанар-жағармай қоры жеткілікті, сондықтан бағаны көтеруге негіз жоқ.

Мақпал Рысбаева