Тауар бағасы қатардағы дүкеннен әлдеқайда арзан

103
фото Бақ.кз

 

Шымкентте әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы басқа аймақтарға қарағанда тұрақты. Сондықтан жергілікті тұрғындар күнделікті қажет заттарды әлеуметтік дүкендерден алуға тырысады.

Солардың бірі, көпбалалы ана – Сабина Нұрмаханова. Мұндағы тауарлардың бағасы қарапайым дүкендегіден әлдеқайда арзан, деген ол, азық-түліктен артылған қаражатты балаларының өзге де қажеттіліктеріне жұмсайтынын айтады.

Сабина Нұрмаханова, көпбалалы ана: «Біздер үшін осындай акциялар тиімді, өзім көпбалалы анамын 4 балам бар. Сондықтан осындай әлеуметтік дүкендер өте тиімді. Ақшаңды экономдауға болады және балдарыңа басқа нәрселер аласың. Ұн, күріш, жеміс аламыз».

Қазіргі таңда Шымкентте «Грамад» дүкендер желісінің 19 сауда нүктесі бар. Онда 11 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нақты белгіленген бағада сатылады. Мәселен, мұнда қырыққабаттың 1 келісі 80 тг, 1 келі тұз 48 тг, ал тауық жұмыртқасын 42 теңгеден алуға болады.

Жандос Ханиев, Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы: «Бағаны тұрақтандыру үшін қаламызда 8 жерде азық-түлік жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ол жерде көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары қатысады. Ол жерде бағалар нарық бағасынан 10-15 төмен сатылып келеді. Сонымен қатар көкөніс өнімдерінің бағасы тұрақты ұстап қалу үшін маусымаралық кезеңде бірқатар шаруа қожалықтары келісімшарттарымыз бар. Аталған шарт негізінде маусымдық кезеңдерде көкөніс өнімддері комиссиямен белгіленген бағада нарыққа шығады».

Айта кетейік, бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар кәсіпкерлік субъектілермен келісімшарттар түзілген. Қазір қалада 100-ден астам сауда орындарында бұл тауарлар бекітілген бағада сатылып келеді.

Диана Біржанова