Шымкенттегі автобөлшектер сататын базар қоршауға алынды

141

Шымкенттегі автокөлік бөлшектерін сататын ірі базар бірнеше сағатқа қоршауға алынған. Көлігіне қажетті қосалқы бөлшектер іздеп қаладағы ірі базарға барған тұтынушылар редакциямыздың «Шұғыл шақырылым» бағдарламасына хабарласып, болған жәйттің анық қанығын білуімізді өтінген болатын.

Бағдарлама тілшілері оқиға орнына жедел жеткенде бірнеше автобус пен арнайы көліктерді байқаған.

«Көлік жөндеу орталығында жеңіл көліктерді жөндеумен айналысамын. Автокөліктің қосалқы бөлшектерін сатып алуға келіп едім. Арнайы форма кигендер мені базарға кіргізбеді. Себебін білмеймін» деді куәгерлердің бірі.

Дәл қазіргі уақытта базар қалыпты жұмыс режиміне кіріскен. Болған жәйтке қатысты мәлімет әзірге жоқ.