Шымкент қаласының экс-әкімі Нұрлан Сауранбаев жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың Twitter-дегі парақшасында.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Нұрлан Сауранбаев Шымкент шаһарын 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың маусымына дейін басқарған.