Пара алғаны үшін – 12 млн. теңге

863

Мақтарал аудандық соты Жетісай қаласының бұрынғы әкімі Б.Б-ға 12 миллион теңге төлеу туралы үкім шығарды.

Экс-қала әкімі 200 000 теңге пара алу үстінде қолға түскен болатын. Ол өз күнәсін қолға түскен сәтте-ақ толығымен мойындаған болатын. Сол себепті де қылмыстық іс жылдамдатылған түрде жүргізілді.

Сот оны ҚР ҚК 366 бабының 2 бөлімі бойынша кінәлі деп тауып пара ретінде алған сыйақының 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлды мойнына қиып салды. Сотталушы бюджетке бүгінде 4 миллион теңгені құйып та үлгерген.