4-қаңтар күні таңғы сағат 05.30-дар шамасында қаладағы жедел жәрдем стансасына 90 жастағы әжейдің денсаулығы нашарлап, ес-түссіз жатқандығы туралы хабар түскен.

Шақыртуға барған жедел жәрдем мамандары азаматшаның инфаркт алғандығын анықтап, шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсеткен. Жедел көрсетілген реанимациялық көмектің нәтижесінде азаматшаның жүрек қағысы қайта қалпына келіп, қалыпты жағдайға түскен.

Инфаркт алған 90 жастағы әжей қалалық кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізіліп, ем қабылдауда.