Осыдан аз ғана уақыт бұрын Түркістан облысына қарасты Шардара ауданындағы мектепті сұйық отынмен жылытпақ болған екі жұмысшы уланып қалған болатын. Оның бірі оқиға орнында қайтыс болған-тын.

Ал екіншісі ауруханаға ес-түссіз жеткізілген болатын. Аптаға жуық уақыт аралығында уланып қалған жұмысшы есін жиды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шардара ауданындық ауруханасына ауыр халде жеткізілген жұмысшы өз-өзіне келіп, сөйлей бастаған. 26 жастағы науқас мұнай өнімдерінен токсикологиялық уланудың ауыр түрімен және бас миының токсикологиялық ісінуі диагнозымен келіп түскен болатын.

Аспирациялық ауру белгісімен жатқызылған тұрғынның жағдайы өте ауыр еді. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін арпалысты. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастың беті бері қарады. Қазіргі таңда науқас есін жиып, жағдайы жақсарған. Дәрігерлердің дер кезінде ем көрсетуінің арқасында ол сауығыпнәтижесінде ол сауығып келеді.

Дәрігерлердің нақты диагноз қойып, нәтижелі емдеуінің арқасында бір адамның өмірін сақтап қалды.