Түркістанда газ баллоны жарылуы салдарынан ер кісі мен бір жасар сәби зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
9 қаңтар күні Түркістан қаласындағы екі қабатты жеке үйдің төменгі қабатында газ баллонындағы ақаудың салдарынан газ-ауа қосындысы жарылып, 1 шаршы метр жер өртенді, ғимарат бүлінген жоқ.
«Өрт сағат 17:20-да беті қайтарылып, 17:35-те толық сөндірілді. 1993 жылы туған жігіт пен 2017 жылы туған нәресте ауруханаға жеткізілді», — делінген ТЖК мәлімдемесінде.
Оқиға орнына Түркістан облыстық ТЖД 2 өрт сөндіру техникасы мен 9 жеке құрам қызметкері аттанған.